Жаңалықтар

Аманаттықтар Екібастұз тұрғындарына 1000-нан астам жылытқыш жіберді

ашық дереккөзі

Аманаттықтар Екібастұз тұрғындарына 1000-нан астам жылытқыш жіберді

«AMANAT» партиясының мүшелері Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін партияның Астана қаласындағы филиалынан гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жолға шықты. Аманаттықтар барлығы 1000-нан астам жаңа электр жылытқыштар, көрпелер, термостар және тағы басқа қажетті заттар жолдады. Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері, яғни Ерлан Саиров, Вера Ким, Артур Платонов, Жанарбек Әшімжан, Айгүл Нұркина, Дүйсенбай Тұрғанов, Анатолий Бойчин дәл қазір Екібастұз қаласының тұрғындарына жедел көмек көрсетіп жатыр.