Елімізде алдағы үш күнде -43 градус аяз болады

Елімізде алдағы үш күнде -43 градус аяз болады

Елімізде алдағы үш күнде -43 градус аяз болады
ашық дереккөзі
Синоптиктер 29, 30 қараша мен 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 29-30 қарашада еліміздің шығыс аймақтарында солтүстік антициклон әсерінен аяз болады. Қазақстанның қалған аумағында күн күрт суытады.
«30 қараша мен 1 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклон әсерінен жауын-шашын болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, қатты аяз күтіледі. Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейіп, тұман, көктайғақ болса, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын соғады», - делінген хабарламада.
Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік өңірлерде 15-25 градус аяз, елдің орталығында 5-20 градус аяз, республиканың шығысында 33-43 градус аяз сақталады.