Ертең сенат сайлауына кандидаттарды ұсыну басталады

Ертең сенат сайлауына кандидаттарды ұсыну басталады

Ертең сенат сайлауына кандидаттарды ұсыну басталады
ашық дереккөзі
Сенат сайлауына үміткерлерді тіркеу ертең, 29 қарашадан басталады деп хабарлады turkystan.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. ОСК мәліметінше, кандидаттарды ұсыну мен тіркеу 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда кешкі сағат 18.00-де аяқталады. Сайлауалды үгіт 24 желтоқсан мен 13 қаңтар аралығында жүргізіледі. 2023 жылғы 13 қаңтар – тыныштық күні, ал 14 қаңтар – дауыс беру күні. Орталық сайлау комиссиясы 20 қаңтарға дейін сайлау қорытындысын шығарады.