Астанада жедел жәрдем бөлімдері 500 мыңға жуық шақырту қабылдаған

Астанада жедел жәрдем бөлімдері 500 мыңға жуық шақырту қабылдаған

Астанада жедел жәрдем бөлімдері 500 мыңға жуық шақырту қабылдаған
ашық дереккөзі
2022 жылдың өзінде Астанада жедел жәрдем стансасы 500 мыңнан астам шақыртуды қабыл алған деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы департаментінің дерегіне сәйкес, 2022 жылдың 1 қазанында Астана қаласы тұрғындарының саны 1 340 782 адамға жеткен», – деп мәлім етті басқармадан.
Аталған ақпаратқа сүйенсек, биыл 10 ай ішінде елорданың жедел медициналық көмек стансалары шамамен жарты миллионға жуық шақыртуға қызмет көрсеткен. Қалалық стационарларда 120 мыңға жуық адам емделсе, 50 мыңнан астам түрлі ота жасалған. Медициналық санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына 5 млн-нан астам адам жүгінді. Оның ішінде 2 млн-нан астам адам белгілі бір сала маманының көмегін алды. 21 ана босанды