Жаңалықтар

Әлем чемпионатында жұмбақ күйде жоғалып кеткен қақпашы

ашық дереккөзі

Әлем чемпионатында жұмбақ күйде жоғалып кеткен қақпашы

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Бельгия мен Марокко арасындағы ойын жұмбақ күйде басталды деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде қос құрама арасындағы ойын басталмас бұрын, гимн айтылған кезде марокколық негізгі қақпашы Бунудың алаңда тұрған суреті, видеосы тарады. Тіпті, ол негізгі құрамда болған. Бір қызығы, гимн орындаған, негізгі құрамда болған қақпашы Буну содан кейін «жоғалып» кетті. Яғни алаңда Сауд Арабиясымен болған ойында қақпашы болған  Мунир Мохамеди тұрды. Ресми түрде ойыншылардың ауысуы және басқа да бір жағдай туралы айтылмаған. Ендеше, не болды?