Қазақстандық екі боксшы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық екі боксшы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық екі боксшы әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Бақыт Сейдіш (66 кг) пен Элина Базарова (54 кг) әлем чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Олар финалда Германияның боксшыларымен кездесіп, Бақыт Сейдіш Карлотта Шуенеманды, Элина Базарова Куцохоистоу Крисовалантуды жеңді. Айта кетейік, бұл жолғы әлем чемпионатын отандастарымыз екі алтын, екі күміс, үш қола жүлдемен аяқтады. Нұрбек Мұрсал (67 кг) мен Дәулет Төлемісов (75 кг) әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген болса, қола медальды Әсел Тоқтасын (+81 келі), Әсем Таңатар (63 кг), Гүлназ Бөрібаева (48 кг) жеңіп алды.