Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы тағайындалды

Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы тағайындалды

Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы тағайындалды
ашық дереккөзі
Президенттің Жарлығымен жоғары аудиторлық палатасының төрағасы тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Годунова Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Жарлықта.
Наталья Годунова 1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (экономист мамандығы бойынша), Ресей Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы «Орал Агроөнеркәсіпбанкте» экономист болып бастаған. Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры (1997 - 2005); Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігінде кеңесші-экономист (2005-2006); Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі (2006-2009); Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің консультанты, орынбасары, міндетін атқарушы (2009-2011); Қазақстан премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі (2012-2013); Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, экономика, қаржы және жұмыспен қамту мәселелеріне жетекшілік етті (2013-2015); «Нұр Отан» партиясының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі Бюросының мүшесі (2015-2017); Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (2017-2018). 2018 жылғы ақпанда Есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Қазақстанның Құрмет грамотасы (2008) және «Құрмет» орденімен (2016) марапатталған.