Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды

28 қараша, 2022 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Азаматтық қорғау туралы» заңның 48-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала әкімі техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады. Сағат 01:30-дағы жағдай бойынша, 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды тұлға нысаны әлі де жылусыз отыр. Апаттық режим төтенше жағдай аймағындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін күшінде болады.