Комадан шыққан Ербосынұлы халыққа алғысын айтты

Комадан шыққан Ербосынұлы халыққа алғысын айтты

Комадан шыққан Ербосынұлы халыққа алғысын айтты
ашық дереккөзі
Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін отандастарына арнап жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Боксшы өзіне қолдау білдірген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, алаңдап, қолдау білдіргендерге алғысын білдірді.
«Осыған ұқсас хаттар көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла қаласа, мықты болып ораларым сөзсіз. Алар асуымыз алда» деп жазды Ербосынұлы.
Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін ол шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған «миына қан кету» диагнозы қойылды. Бұдан әрі ол жасанды түрде комаға жіберіліп, ота жасалды.