Жаңалықтар

Түркияда «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші ашылды

ашық дереккөзі

Түркияда «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші ашылды

26 қарашада Түркияның Ыстамбұл қаласында, Бағжылар ауданында «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Алтайдан Анадолыға қоныс аударған қазақтардың Түркия мемлекетін мекендеуіне 70 жыл толған мерейтой қарсаңында бой көтерген бұл ескерткіш екі ел арасындағы туыстық, достық қарым-қатынастың айрықша белгісі екені анық. Іс-шараны Қазақстанның Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев салтанатты түрде ашып берді. Бағжылар ауданының мэрі Абдулла Оздемир мырза Түркияда тұрып жатқан қазақ ұлтына өз ризашылығын білдіріп, құттықтауын жеткізді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, қазақ ұлтының қилы тарихына тоқталып, түрік халқының бауырластығын тілге тиек етті. «Бірлік» қазақ жастары ұйымының төрағасы Аслан Серік қазақтың қара домбырасымен «Қазақ осы» әнін орындап, жиналған қауымның ықыласына бөленді.