Алматы-Өскемен тас жолында ірі жол апаты болып, 4 адам қаза тапты

Алматы-Өскемен тас жолында ірі жол апаты болып, 4 адам қаза тапты

Алматы-Өскемен тас жолында ірі жол апаты болып, 4 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Алматы - Өскемен тас жолында бес көліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы 26 қараша күні кешке Көксу ауданында Volvo жүк көлігі мен төрт автокөліктің (Lexus 570, Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Passat) қатысуымен орын алды. Автокөліктер Алматы - Өскемен тас жолының 187-ші шақырымында ақырын төмен түсу кезінде соқтығысқан. Оқиға орнында 4 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.