Көкшетауда шенеунік бюджеттен 96 млн теңгені заңсыз алған

Көкшетауда шенеунік бюджеттен 96 млн теңгені заңсыз алған

Көкшетауда шенеунік бюджеттен 96 млн теңгені заңсыз алған
ашық дереккөзі
Көкшетауда шенеунік, кәсіпкердің өкілі мен жеке тұлға бюджеттен 96 миллион теңгені заңсыз алған деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. «Биылғы 17 қарашасында Көкшетау қалалық соты Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы С.С.Тәжібаевқа, жеке кәсіпкердің өкілі М.Б.Ахметовке және азамат Әділбаев Б.Қ.-ға қатысты айыптау үкімі шықты. Жоғарыда аталған тұлғалар жайылымдық жерлерді суландыру инфрақұрылымын құруға және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге бөлінген 96 млн теңге көлемінде бюджеттік субсидияларды заңсыз алу мақсатында қылмыстық схема ұйымдастырған», – делінген хабарламады. Сот үкімімен Тәжібаев аса ірі көлемде алаяқтық және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Қауіпсіздігі орташа мекемеде бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайластары Ахметов пен Әділбаев аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін дәл осы сот үкімімен тиісінше алты және бес жылға бас бостандығынан айырылды. «Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.