Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті
ашық дереккөзі
Индонезияның Батыс Ява провинциясында 21 қарашада болған магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті, деп хабарлайды  turkystan.kz Индонезияның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігіне (BNPB) сілтеме жасап. Сонымен қатар 24 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Бұған дейін АҚШ-тың геологиялық қызметі Индонезияның Батыс Ява провинциясында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болғанын хабарлаған еді. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзала ошағы Чианжур ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан.