Жаңалықтар

ӘЧ: Нидерланды мен Эквадор құрамалары тең түсті

ашық дереккөзі

ӘЧ: Нидерланды мен Эквадор құрамалары тең түсті

Катардың «Халифа» стадионында әлем чемпионатының А тобындағы Нидерланды мен Эквадор құрамалары кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Кездесудің 6-минутында Нидерланд футболшысы Коди Гакпо есеп ашты. Ал 49-минутта Эннер Валенсия таразы басын теңестірді. Дәл қазір А тобындағы жағдай төмендегідей: Нидерланды – 4, Эквадор – 4, Сенегал – 3, Катар – 0. Осылайша, турнир қожайындары Катар құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.