Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға алғыс айтты

Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға алғыс айтты

Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға алғыс айтты
ашық дереккөзі
Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы отандастарына үндеу жасап, кубалық боксшы Давид Моррельмен болған жекпе-жектен кейін алған ауыр жарақатынан кейінгі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Suleimen Promotions командасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Айдос Ербосынұлы телефон арқылы қазақ халқына сәлем жолдаған.
«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Қалдарыңыз қалай? Біз Аллаға шүкір, тәуір болып келе жатырмыз. Осы жекпе-жектен кейін жарақат алып қалдық. Айналысып жүрген спортымыз оңай спорт емес.Үлкен спорт болғандықтан, мұндай жағдайлар болып тұрады. Маған дұға тілеп, тілектес болған баршаңызға Алла разы болсын. Рақмет!» - деді Айдос Ербосынұлы.
Еске салсақ, 6 қараша күні Айдос кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін Ербосынұлы шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған «миына қан кету» диагнозы қойылды. Бұдан әрі ол жасанды комаға жіберіліп, ота жасалды.