Сенбі, 28 Қаңтар, 2023

Астана әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері елордада қарлы боран, көктайғақ және температураның төмендеуі болуы мүмкін. Құтқарушылар тұрғындардан қала сыртына шықпауды сұрайды деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 26-27 қарашада Астанада ауа температурасы күндіз 22-24 аязға дейін, түнде 30-32 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Бүгін қалада қарлы боран, қатты жауын-шашын және екпінді жел бар.

Ауа райының нашарлауына, көрінудің шектелуіне, ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына күн райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы метеорологиялық қорытындыларды (оның ішінде Darmen қосымшасы арқылы) қадағалауды, қала шетіне шықпауды, сақ болуды кеңес етеді.

Төтенше жағдай туындағанда «112» телефонына қоңырау шалу керек.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні таңертең елорда көшелерінің қарын күреуге 2,5 мыңға жуық жол жұмысшы шығып, 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button