Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр
ашық дереккөзі
Құрлықтағы Қытайда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 32 943 жаңа жағдайы анықталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді. Ауру жұқтырушылардың 29 840-ы – симптомсыз тасымалдаушылар, 3 103 адамда коронавирус расталған. Соңғы күндері Гуандун, Хэбэй провинцияларында, сондай-ақ Чунцин мен Бейжіңнің орталық қалаларында ауруға шалдыққандар саны артқаны байқалды. Қытай астанасының билігі тұрғындардан күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты үйінен шықпауды өтінді. Бейжіңде қараша айының басынан бері 10 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қараша айынан бастап Қытайдың барлық дерлік аймақтарында коронавирус жылдам тарап, ауру жұқтырғандар саны артып жатыр. Материктік Қытайда коронавирус жұқтырушылардың максималды өсімі екінші күн қатарынан жаңарып отыр. 24 қарашада елде COVID-19 инфекциясының 31 мыңнан астам жағдайы тіркелді.