ӘЧ: Иран құрамасы Уэльстен басым түсті

ӘЧ: Иран құрамасы Уэльстен басым түсті

ӘЧ: Иран құрамасы Уэльстен басым түсті
ашық дереккөзі
Катардағы доп додасының екінші айналымында Уэльс құрамасы Ираннан 0:2 есебімен жеңіліп қалды деп хабарлады turkystan.kz.  Төреші ысқырығы естіле сала алаңдағы футболшылар алма кезек шабуылға шығып, жылдам гол соғып алуға тырысты. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған ирандық футболшы Голизаде 16-минутта мергендігімен көзге түскен. Алайда оның голы (оффсайд) есепке алынбады. Одан кейін де Иран футболшыларында да, Уэльс ойыншыларында да есеп ашатын бірнеше мүмкіндік болды. Бірақ теңбіл снаряд қақпаған дарымады. Осылайша кездесудің алғашқы бөлігін қос құрама ойыншылары голсыз аяқтады. Екінші таймда ойын қыза түсті. Маңызды үш ұпай үшін таласта ешкім аянып қалмады. Бас бапкерлер де алаңға тың футболшыларын шығарды. Кездесудің 86-минутында Уэльс құрамасының қақпашысы Хеннесси ойын тәртібін бұзып, қызыл қағаз алды. Бұдан кейін ирандықтар қарсыластың қақпасын жиі торуылдаумен болды. Қауіпті шабуылдарды бірінен соң бірін ұйымдастырды. Төреші қосқан 9 минутты ұтымды пайдаланған К.Кейруш футболшылары 98, 101 минутта екі доп соғып, маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Р.Чешми командаластары үшін осы кездесудегі алғашқы, Р.Резаян жеңісті голды салды.