Жаңалықтар

Адамдарда жиі кездесетін биологиялық ауытқулар туралы білесіз бе?

ашық дереккөзі

Адамдарда жиі кездесетін биологиялық ауытқулар туралы білесіз бе?

Генетика тосын сый жасаудан жалыққан емес. Turkystan.kz назарларыңызға адамдарда болатын биологиялық ауытқулар тізімін ұсынады. Ауруды сезбеу Бұл биологиялық ауытқу туралы «Доктор Хаус» сериалында да ақпарат беріледі. Оқиға шынымен де қызықты. Аурудың аты айтып тұрғандай бұл аурумен ауыратын адамдар өмірге келген сәттен бастап денесіндегі ауруды сезбейді. Олар, тіпті, ыстық шай ішсе тілінің күйіп қалатынын да білмейді. Бұл аурудың салдарынан адамның денесінде жара, ісік, сүйектердің сынуы болады. Ауру адам бұл туралы білмей, денсаулығы күннен күнге нашарлай береді. Сирек кездесетін бұл аурумен әлемде 20 адам ғана ауырған. Ваарденбург синдромы Аталмыш синдромға шалдыққан адамның бір тұтам шашы ақ және көзі ашық көк түсті болады. Бұл ауру көбіне ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Ваарденбург синдромына шалдыққан адамның есту қабілеті де уақыт өте нашарлайды. Бұл – емделмейтін ауру, сонымен қатар соңы өлімге әкелетіндей симптомдары да жоқ. 4 сағаттық ұйқы 4 сағат қана ұйықтағыңыз келе ме? Кейбір адамдар осылай жасай алады. Бұл әдет немесе белгілі бір жүйе емес, олардың генінде DEC2 мутациясы болады. Әлемдегі адамдардың 1%-ы ғана бұл ауруға шалдыққан. Бұл аурудың адамға зияны тимеуі мүмкін. Жалпы 4 сағатта адамның ұйқысы қанбайды. Айта кету керек, ұйқысыздық пен 4 сағаттық ұйқы екі бөлек нәрсе.