Вьетнамдықтар Алтынбекова ең сұлу волейболшы деп таныды

Вьетнамдықтар Алтынбекова ең сұлу волейболшы деп таныды

Вьетнамдықтар Алтынбекова  ең сұлу волейболшы деп таныды
ашық дереккөзі
Сұлулығымен әлем жұртын тамсандырып жүрген қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекованы вьетнамдық 24h.com.vn спорт порталында жарияланған дүние жүзіндегі ең сұлу волейболшылардың ТОП-9 тізіміне енді.   2014 жылы Қытайдағы халықаралық ойындардан кейін танымал болған Сәбина Алтынбекова тізімде төртінші орында тұр. Жанкүйерлері оны «жапондық аниме кейіпкері» деп атады, оның сұлулығын «Шығыс пен Шығыс Еуропаның тамаша үйлесімі» деп бағалады. Сәбинаны әлеуметтік желі қолданушылары «Әлемнің №1 супермоделі» атануға лайық екенін жазуда. YouTube-та Алтынбекованың фотосуреттерінен құралған видеоколлаж 1 миллионнан астам көрілім жинады. Үздік тоғыздыққа енген сұлу спортшылар:
  1. 31 жастағы жапондық Саори Кимура
  2. 25 жастағы қытайлық Хуи Рочи
  3. 21 жастағы ресейлік Алиса Маненок
  4. 20 жастағы қазақстандық Сәбина Алтынбекова
  5. 26 жастағы сербиялық Саня Малагурски
  6. 27 жастағы америкалық Кимбирли Хилл
  7. 32 жастағы түрік Неслихан Демир
  8. 26 жастағы голландиялық Лоннеке Слютьес
  9. 33 жастағы бразилиялық Шейла Кастро