Ақтөбе тұрғыны баспалдақтан тайып құлап, мерт болды
Ақтөбе тұрғыны баспалдақтан тайып құлап, мерт болды
Ақтөбеде 51 жастағы ер адам баспалдақтан тайғанап мерт болды деп хабарлады turkystan.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 17 қарашада таңертеңгі уақытта болған. Қайғылы оқиға тұрғын үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
«Оқиға таңертең болған. Видеодан Ерлан баспалдақпен түсіп келе жатып тайғанап құлап түскенін көрдік», - дейді марқұмның көршісі Игорь Снаткин.
Снаткиннің айтуынша, подъездегі баспалдақ тік, бір жағында ғана тұтқасы болған. Ол төмен түскенде төртінші баспалдақтан басталады екен. Ал марқұм оны ұстап үлгермеген. Баспалдақтағы мұз тазаланбаған, оның үстіне, мұздан қорғайтын жапсырмалар жоқ болып шыққан.
Ал тұрғын үй инспекциясы өкілдері аула ішіндегі аумақтар қар мен мұздан асфальтқа дейін тазалануы тиіс екенін айтады.
«Қыста ғимараттар иелері мен жалға берушілері баспалдақтарды, пандустар мен шатырларды қар мен мұздан тазартуды ұйымдастыруы керек. Қайғылы жағдайдың түпкілікті себебін тергеу қорытындысы бойынша ішкі істер органдары анықтайтын болады», - деді Ақтөбе тұрғын үй инспекциясы өкілдері.