Президенттің атына жолданған өтініш назарға алынды

Президенттің атына жолданған өтініш назарға алынды

Президенттің атына жолданған өтініш назарға алынды
ашық дереккөзі
Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды», - делінген хабарламада.