Бес жасар қызды өлтірді деген күдіктілердің соты басталды

Бес жасар қызды өлтірді деген күдіктілердің соты басталды

Бес жасар қызды өлтірді деген күдіктілердің соты басталды
ашық дереккөзі
Жетісу облысында биыл мамырда қоқыстан денесі табылған 5 жасар қыздың өліміне қатысты сот басталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Тергеу жүріп жатқандықтан бұл іске қатысты нақты мәлімет бере алмаймыз. Күдікті алдымен адам өлтіргенін мойындап, кейін өз сөзінен тайқып шықты. Қазір тек алғашқы сот отырысы аяқталды. Қорытынды жасауға әлі ерте», - дейді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі.
Айта кетейік, 17 мамырда Сарқан қаласының маңайындағы қоқыстан қыз баланың денесі табылған еді. Полицейлер араға аз уақыт салып сәбидің 19-ға енді толған анасын табады. Әйел өз түсініктемесінде қызы туғаннан церебральді сал ауыруымен ауырғанын және ақыл-есінде ауытқу болғанын көрсеткен. Кеше осы қызды өлтірді деген күдікке ілініп, тергеуде отырған анасы Ақниет пен оның ағасы Ақтілектің соты басталды. Бастапқыда кінәларын мойындаған күдікті қазір сөздерінен тайған.