Мэрилин Монроның жеке заттары аукционға қойылды (ФОТО)

Мэрилин Монроның жеке заттары аукционға қойылды (ФОТО)

Мэрилин Монроның жеке заттары аукционға қойылды (ФОТО)
ашық дереккөзі
Мэрилин Монроның 175-тен астам жеке заттары 2022 жылдың 17-18 желтоқсанында өтетін Julien's Auctions және TCM Present бірлескен аукционында сатылады деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл аукционда Мэрилиннің жеке мұрағатынан табылған 175-тен астам заттар болады. Оның ішінде әйгілі фильмдерде киген киімдер бар», - деді аукцион директоры Мартин Нолан.
Монроның жанкүйерлері тек көйлектерді ғана емес, сонымен қатар актриса қолданған косметиканы, атап айтқанда қызыл ерін далабы мен жалған кірпіктерді де сатып ала алады.  width=  width= Коллекцияның ең көрнекті элементтерінің бірі – Чарльз Стэнли Гиффордтың қолжазбасы. Жақында ғана оның ДНҚ тестілеуімен марқұм Мэрилин Монроның әкесі екені расталған.
«Бұл ашық хат Гиффорд пен оның атақты қызы арасындағы қарым-қатынасты растайтын жалғыз артефакт», - дейді Мартин Нолан.
Сондай-ақ аукционға қатысушылар Мэрилин Монроның хаттары мен фотосуреттерін, жеке чек кітапшасын, актер гильдиясының мүшелік билетін және актрисаның медициналық картасын сатып ала алады.