Жаңалықтар

Мэрилин Монроның жеке заттары аукционға қойылды (ФОТО)

ашық дереккөзі

Мэрилин Монроның жеке заттары аукционға қойылды (ФОТО)

Мэрилин Монроның 175-тен астам жеке заттары 2022 жылдың 17-18 желтоқсанында өтетін Julien's Auctions және TCM Present бірлескен аукционында сатылады деп хабарлады turkystan.kz. «Бұл аукционда Мэрилиннің жеке мұрағатынан табылған 175-тен астам заттар болады. Оның ішінде әйгілі фильмдерде киген киімдер бар», - деді аукцион директоры Мартин Нолан. Монроның жанкүйерлері тек көйлектерді ғана емес, сонымен қатар актриса қолданған косметиканы, атап айтқанда қызыл ерін далабы мен жалған кірпіктерді де сатып ала алады. Коллекцияның ең көрнекті элементтерінің бірі – Чарльз Стэнли Гиффордтың қолжазбасы. Жақында ғана оның ДНҚ тестілеуімен марқұм Мэрилин Монроның әкесі екені расталған. «Бұл ашық хат Гиффорд пен оның атақты қызы арасындағы қарым-қатынасты растайтын жалғыз артефакт», - дейді Мартин Нолан. Сондай-ақ аукционға қатысушылар Мэрилин Монроның хаттары мен фотосуреттерін, жеке чек кітапшасын, актер гильдиясының мүшелік билетін және актрисаның медициналық картасын сатып ала алады.