Елорда тұрғыны суға құлап кеткен баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)

Елорда тұрғыны суға құлап кеткен баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)

Елорда тұрғыны суға құлап кеткен баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Оқиға таңғы мезгілде болған. Әлі қата қоймаған мұз үстімен жүріп, мысыққа қарай жақындағысы келген 11 жастағы бала суға түсіп кеткен деп хабарлады turkystan.kz. Оны «Алатау» спорт кешенінің ауданында серуендеп жүрген Елена Шелестюк есімді қала трғыны байқап қалған. – Өкінішке қарай, мен жүзе алмаймын, бірақ қазір сені алып шығамыз деп барынша баланы жігерлендіруге тырыстым. Осы сәтте мен балаға мұзды судан шығуға көмектесу үшін жолға жүгіріп, көліктерді тоқтата бастадым. Содан кейін бей-жай қарамайтын жүргізушілермен бірге баланы өзеннен шығарып алдық. Бұл оңай болған жоқ – баланың киімі су болып қалған, ауыр рюкзагі әбден суға толып оны төмен қарай тартқан, оның үстіне бала қатты қорқып қалғандығы сонша ол өз бетінше күресе алмаған. Соған қарамастан, біз баланы жағаға шығарып алдық,  – деп еске алады Елена Викторовна. Содан кейін бала дереу ауруханаға жеткізілген. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады. «Кәмелетке толмаған бала жаттығудан шыққаннан кейін өзеннің бойымен үйіне бара жатқан сәтте мұзда отырған мысықты байқаған. Бала мысыққа қарай жақындап, жұқа мұзды басқан бетте мұз бірден жарылып, бала суға түсіп кеткен», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада. Баланың анасы мен полиция қызметкерлері адам өмірін сақтап қалғаны үшін батыл әйелге алғыс білдірді. Астана қаласы ПД бастығы Марат Төлебаевтың атынан ержүрек қала тұрғынын Алматы ауданы ПБ бастығы Серік Әбутәліпов қол сағатпен марапаттады.