Сенат депутаты Қайрат Ищанов дүниеден өтті (ВИДЕО)

Сенат депутаты Қайрат Ищанов дүниеден өтті (ВИДЕО)

Сенат депутаты Қайрат Ищанов дүниеден өтті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Қыдырбайұлы Ищанов 73 жасында өмірден өтті деп хабарлады turkystan.kz.

«Иә, өмір деген бір қуаныш, бір қайғы, бір орнында тұрмайды. Қызығын татамын ба, зейнетін көремін бе деген шақта, бүкіл ғұмыр көрген түстей бір сәттік сағымға айналып, шыға келеді. Адамның өмірге келуі қандай табиғи болса, өмірден өтуі де сондай заңды. Дегенмен кісі жүрегі қимайтын асыл текті азаматтар жетерлік. Тағдырдан қандай қиындық пен теперіш көрсе де, бойындағы жақсылықтарын жоғалтпай, төңірегіне ізгілік нұрын төге жүретін адамдар өмірде сирек кездеседі... Сондай жанның бірі мемлекет қайраткері, елдің дамуына елеулі еңбек сіңірген азамат, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Қыдырбайұлы Ищанов 73 жасында мәңгіліктің сапарына аттанды. Қайрат Қыдырбайұлы өзінің іскерлігімен, жауапкершілігімен, жұмысқа адалдығымен көпке үлгі бола білген тұлға ретінде таныс. Көпжылдық жемісті қызметі, сүйікті жұмысына деген адалдығы, мінсіз беделі және әріптестерге деген сыйластығы, нұрлы жүзі мәңгі есте қалмақ. Марқұмның туған-туыстарына, отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Иманы саламат болып, нұры пейіште шалқысын», - деп жазды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов әлеуметтік желіде.