ҚХР Бас Консулдығының өкілі Сейсмология институтының қызметкелерімен кездесті

ҚХР Бас Консулдығының өкілі Сейсмология институтының қызметкелерімен кездесті

ҚХР Бас Консулдығының өкілі Сейсмология институтының қызметкелерімен кездесті
ашық дереккөзі
24 қарашада Сейсмология институтына Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының Ғылым және техника жөніндегі жауапты өкілі Чжан Вэй арнайы сапармен барды деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу барысында сейсмикалық қауіпті мониторингтеу және бағалау саласындағы өзара іс-қимылдың неғұрлым тиімді тетіктері мен перспективалары, сондай-ақ ҚЖА геофизика институтымен (Қытай жер сілкінісі жөніндегі агенттігі) сейсмикалық станциялардың бірлескен желісі бойынша жоспарланған жоба талқыланды.  width= Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев құрметті қонаққа институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, жылы лебізін білдірді. Бейжің Ұлттық Жер обсерваториясының, ҚХР геофизика институтының, ҚХР Жер сілкінісі агенттігінің басшылығымен өзара ынтымақтастық байланыста болғанын үлкен жетістіктердің бірі ретінде атап өтті.
«Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық бастамасы екі елдің табысты өзара ынтымақтастығын орнатуда әу бастан маңызды рөл атқарып келеді. Осындай екі ел арасындағы  ҚХР Геофизика институтымен және Қытай Халық Республикасындағы Бейжің ұлттық жер обсерваториясымен ынтымақты әрі табысты  байланыстар орнатуға қолдау білдіреміз», – деді ҚХР Бас Консулдығының өкілі.