Жаңалықтар

ҚХР Бас Консулдығының өкілі Сейсмология институтының қызметкелерімен кездесті

ашық дереккөзі

ҚХР Бас Консулдығының өкілі Сейсмология институтының қызметкелерімен кездесті

24 қарашада Сейсмология институтына Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының Ғылым және техника жөніндегі жауапты өкілі Чжан Вэй арнайы сапармен барды деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу барысында сейсмикалық қауіпті мониторингтеу және бағалау саласындағы өзара іс-қимылдың неғұрлым тиімді тетіктері мен перспективалары, сондай-ақ ҚЖА геофизика институтымен (Қытай жер сілкінісі жөніндегі агенттігі) сейсмикалық станциялардың бірлескен желісі бойынша жоспарланған жоба талқыланды.