8 жыл бұрын қайтыс болған адам тірілердің тізімінде жүр

8 жыл бұрын қайтыс болған адам тірілердің тізімінде жүр

8 жыл бұрын қайтыс болған адам тірілердің тізімінде жүр
ашық дереккөзі
Ақтөбелік тұрғын Айгүл Оразалиева 8 жыл бұрын әкесінің бақилық болғанын дәлелдей алмай жүр деп жазады turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. Ол әкесі қайтыс болғанда, құжаттар қолында болмағанын айтты. Сондықтан анықтаманы уақытылы ала алмаған. Белгісіз біреулер тіпті марқұмның атынан несие рәсімдемек болған.
«Құжатты он күннен кейін апардым. Маған 3 күннен асып кеткендіктен қабылдамайтынын айтты. Бірақ қолдарына ұстатып кеткен едім. Енді қазір паспорт та, куәлік те жоқ. Қолымда құжат болмаған соң, ештеңені тексеріп, қарауға мүмкіндігім жоқ», - деді ол.
Марқұмның қайтыс болғанына екі жыл өткен соң, мекен-жайы Әйтеке би ауданынан Мәртөкке ауыстырылғаны анықталды. Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында да қайтыс болғаны туралы дерек тіркелмеген.
«Қасқырбай Оразғалиұлының қайтыс болғаны туралы тіркелмеген. Оны тіркеу үшін баласы немесе жолдасы туыстық қатынасын дәлелдейтін құжатты алып, ХҚКО-да тіркету қажет», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филилалының бас маманы Игілік Қылышбай.
Әйтеке би аудандық ауруханасы марқұмның туыстарына Қасқырбай Оразғалиұлына қатысты ешқандай мәлімет жоғын хабарлаған. Ал Мәртөк ауданынан да осыған ұқсас хабарлама келген. Жергілікті әкімдік өкілі мәселені тек сот шеше алады дейді.