Мемлекет басшысы екі заңға қол қойды

Мемлекет басшысы екі заңға қол қойды

Мемлекет басшысы екі заңға қол қойды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Сондай-ақ Президент ЕАЭО техрегламенттерін мемлекеттік қадағалау туралы келісімді ратификациялады.
«Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп жазылған БОРТ N1 телеграм-арнасында.