Жаңалықтар

«Ақшамызды кешіктірді»: Атырауда 40 шақты санитар наразылыққа шықты

ашық дереккөзі

«Ақшамызды кешіктірді»: Атырауда 40 шақты санитар наразылыққа шықты

Атыраудағы «Нұрсая» ықшамауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасының 40 шақты санитар қызметкері 3 айдан бері өздеріне тиесілі ақшаны ала алмағндықтандықтан, наразылқтарын білдірді деп хабарлады turkystan.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. Қызметкерлерге сақтандыру және «зейнетақы жарнасы» аударылмаған, соның кесірінен көпшілігі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмаған. «Қызым І топ мүгедегі. Мен «Отбасы банкінде» баспана кезегінде тұрмын. Жақында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша байқауға зейнетақы жарнам түспегендіктен, өтпей қалдым. Ал жалақымыз небәрі 100 мың», – деді №2 облыстық аурухана қызметкері Айжан Сағындықова.