Қазақстан, Беларусь және Ресей валюталық бақылау ынтымақтастығын бекітті

Қазақстан, Беларусь және Ресей валюталық бақылау ынтымақтастығын бекітті

Қазақстан, Беларусь және Ресей валюталық бақылау ынтымақтастығын бекітті
ашық дереккөзі
РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев федералды салық қызметіне Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінің валюталық бақылау саласындағы өзара әрекеттестігі жайлы хаттамаларға қол қою туралы тапсырма берді, деп хабарлайды banki.ru.
«Ресей Қаржы министрлігінің Ресей ФСҚ Беларусь Ұлттық банкімен, Қазақстан Ұлттық банкімен, валюталық бақылау саласындағы Беларусь Мемлекеттік бақылау комитетімен өзара әрекеттестігі жөніндегі хаттамаларға қол қою туралы ұсынысы қабылданды», - делінген РФ үкіметінің сайтында жарияланған өкімде.
Министрлер кабинетінің мәліметтеріне сәйкес, хаттамаларға қол қою мемлекетаралық деңгейде валюта саласындағы ынтымақтастықтың дамуына қажет ұйымдастыру-құқықтық жағдайын қамтамасыз етеді және валюталық заңнаманы бұзудың алдын алу, анықтау, ескерту бойынша ынтымақтастыққа ықпалын тигізеді.