Жаңалықтар

Жастар ұйымдары сайлау қорытындысына қолдау білдірді

ашық дереккөзі

Жастар ұйымдары сайлау қорытындысына қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабта «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «Bir Tolqynda» диалог алаңының отырысы өтті. Жастар ұйымдарының көшбасшылары, қоғам қайраткерлері және Халықтық коалицияға кірген спортшылар қауымдастығының өкілдері президент сайлауының қорытындысы жөнінде өз пікірлерін білдірді. Сайлауалды штабта БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Олар үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабы мен жастар секторының қызметімен танысты.