«Дос-Мұқасан» ансамблі жетекшісінің гитарасы аукционға қойылады
«Дос-Мұқасан» ансамблі жетекшісінің гитарасы аукционға қойылады
«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы әрі алғашқы жетекшісі Досым Сүлеев 50 жылдық тарихы бар гитарасын XIII қысқы қайырымдылық балының аукционына тапсырды деп хабарлады turkystan.kz.
Досым Сүлеевтің айтуынша, ансамбльдің репертуарындағы «Жан досым» әнінің музыкасы осы гитарамен жазылған екен.
«Біз бұл гитараны студент кезімізде ауылшаруашылық жұмыстарынан тапқан еңбекақымызға сатып алдық. Ол кезде жатақханада тұрдық. Онда электр гитара немесе фортепиано кіргізе алмайтынбыз. Сондықтан қарапайым гитара сатып алдық. Бұл аспаппен жатақханада бірге тұрған қыздарға арнап ән айтатын едік. Негізі, бізде үш гитара болды. Бұл – біздің соңғы сатып алған аспабымыз», – деді Досым Сүлеев.