Жаңалықтар

Құсбегілік ұлттық спорт ретінде қайта жанданады - Исламбек Салжанов

ашық дереккөзі

Құсбегілік ұлттық спорт ретінде қайта жанданады - Исламбек Салжанов

24 қараша күні Астанада ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қазақстан құсбегілік федерациясы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды деп хабарлады turkystan.kz. Салтанатты шараға Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Құсбегілік Федерациясының президенті Берік Уәли, Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы Ұлттық және ат түрлері орталығының директоры Бақдаулет Сәбитов, ұлттық спорт жанашырлары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов бұл шараның маңызын атап өтті.  «Ата-бабадан мирас боп жеткен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау – сіз бен бізге жүктелген үлкен жауапкершілік. Бұл ретте, қолына қыран қондырған қазақтың құсбегілік өнері жаңа Қазақстанмен бірге қайта жанданады деп сенемін», - деді ол. Қазақ ұғымында аңшы құстардың орны бөлек. Оларды ауыз әдебиетінде жыр-дастандарға қосып, ептілік, жылдамдық, ұшқырлық, батылдық, адалдық сияқты сипаттарын мақал-мәтелдермен түйіндеп отырған. Аңшы құстардың атымен балаға ат қою да ел ішінде кең тараған дәстүр. Осы орайда, Құсбегілік федерациясының ресми түрде Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы құрамына кіруі – ата-бабадан мұра болған өнерді кәсіби тұрғыдан дамытуға жол ашады. Қауымдастық аясында құсбегілерді халықаралық жарыстарға қатыстырып, еліміздің атынан қазақтың спорт өнері ретінде кең насихаттауға, жергілікті саясатшылық дәстүрді мойындатуға мүмкіндік мол. Алдағы уақытта Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Құсбегілік федерациясы спорттық шаралар мен жарыстардың жоспарын бекітіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында  бірге жұмыс атқарады. Биылдың өзінде республикада құсбегілікке қатысты 7 спорттық шара өтікізілген, келесі жылы 14 шара жоспарланып отыр.