Құсбегілік ұлттық спорт ретінде қайта жанданады - Исламбек Салжанов

Құсбегілік ұлттық спорт ретінде қайта жанданады - Исламбек Салжанов

Құсбегілік ұлттық спорт ретінде қайта жанданады - Исламбек Салжанов
ашық дереккөзі
24 қараша күні Астанада ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қазақстан құсбегілік федерациясы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды деп хабарлады turkystan.kz. Салтанатты шараға Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Құсбегілік Федерациясының президенті Берік Уәли, Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы Ұлттық және ат түрлері орталығының директоры Бақдаулет Сәбитов, ұлттық спорт жанашырлары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов бұл шараның маңызын атап өтті.
 «Ата-бабадан мирас боп жеткен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау – сіз бен бізге жүктелген үлкен жауапкершілік. Бұл ретте, қолына қыран қондырған қазақтың құсбегілік өнері жаңа Қазақстанмен бірге қайта жанданады деп сенемін», - деді ол.
 width=
«Бүгін Құсбегілік федерациясы мен Ұлттық спорт қауымдастығы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою біздің федерацияның саятшылықты дамыту бағытындағы жұмыстардың көкжиегін кеңейтітне кәміл сенеміз», - деді Қазақастандық құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли.
Құсбегілік – ерте заманнан ұлы көшпенділердің тұрмысымен етене байланысқан ұлттық спорт түрі. Қазақ даласында қола дәуірден бері құс салып, аң аулайтын саятшылық өнердің кең тарағанын петроглифтегі жазулар айғақтайды. Бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде құсбегілікті кәсіп еткен азаматтар көп. Олар көбіне бүркіт, лашын, сұңқар, қаршыға ұстап, аңға салуға баулиды. Ел аумағында 14 өңірде құсбегілік федерациялары жұмыс істеп жатыр. 200-ден аса құсбегі аңшы құстарды баптаумен, осы өнерге басқаларды үйретумен айналысып жүр.  width= Қазақ ұғымында аңшы құстардың орны бөлек. Оларды ауыз әдебиетінде жыр-дастандарға қосып, ептілік, жылдамдық, ұшқырлық, батылдық, адалдық сияқты сипаттарын мақал-мәтелдермен түйіндеп отырған. Аңшы құстардың атымен балаға ат қою да ел ішінде кең тараған дәстүр. Осы орайда, Құсбегілік федерациясының ресми түрде Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы құрамына кіруі – ата-бабадан мұра болған өнерді кәсіби тұрғыдан дамытуға жол ашады. Қауымдастық аясында құсбегілерді халықаралық жарыстарға қатыстырып, еліміздің атынан қазақтың спорт өнері ретінде кең насихаттауға, жергілікті саясатшылық дәстүрді мойындатуға мүмкіндік мол. Алдағы уақытта Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Құсбегілік федерациясы спорттық шаралар мен жарыстардың жоспарын бекітіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында  бірге жұмыс атқарады. Биылдың өзінде республикада құсбегілікке қатысты 7 спорттық шара өтікізілген, келесі жылы 14 шара жоспарланып отыр.