Жаңалықтар

Қызылордада «IQ-ORDA» республикалық интеллектуалды байқауы өтті

ашық дереккөзі

Қызылордада «IQ-ORDA» республикалық интеллектуалды байқауы өтті

Қызылордада жаһандану заманында бәсекеге қабілетті, ұшқыр ойлы, интеллектуалды ұлт тәрбиелеу мақсатында «IQ-ORDA» республикалық интеллектуалды байқауы өтті. Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен  Интеллектуалды сайысқа республикамыздың түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығындағы жастар қатысты. Сайыс қорытындысымен, жүлделі I орынды Қазалы ауданынан келген «Қазалы» командасы (500 000 тг), II орынды Жалағаш ауданының «J-Team» командасы (300 000 тг), III орынды Алматы қаласынан келген «Әл-Фараби» командалары (200 000 тг) иеленді. Арнайы номинациялар (50 000 тг) «Бейбарыс сұлтан ұрпақтары» Атырау облысы, «Намысты елдің ұрпақтарымыз» Ақтөбе облысы, «7SU TEAM» Жетісу облысы, «Алаш Орда» Шығыс Қазақстан облыстарының және Қармақшы ауданының «Qadam» командасы мен Қызылорда қаласының №235 мектеп құрамасы «Көмекбай жастары» командаларына бұйырды. Білімді, ізденімпаз, коммуникативті және тапқыр тұлғаларды даралайтын жоба ар аймақтың интеллектуал жастарын тоғыстырған бірегей жоба болды.