Елордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

24 қараша, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Елордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды Бүгін Астанада 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Алдын ала өтінім бойынша ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына республиканың барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180-ден астам спортшы қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде медальдар мен дипломдар жиынтығы ойналады. Сондай-ақ жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер аталады. Жарыс 29 қарашаға дейін жалғасады.