Астанада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік өтіп жатыр

Астанада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік өтіп жатыр

Астанада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Елордада 21 қарашадан бастап 1 желтоқсанда аталып өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Онкүндік аясында қалада қоғам назарын аударуға бағытталған түрлі ауқымды іс-шаралар өтеді. «Теңдік уақыты!» тақырыбы аясында 10 күн ішінде қала тұрғындарын АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу мәселелері бойынша, әсіресе жастар арасында хабардар ету және барлық мүдделі тараптың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту арқылы қауіпсіздікті қалыптастыру, кемсітушілікті жою сияқты іс-шаралар өткізілетін болады: Онкүндіктің ашылуы қалалық №4 емханада ашық есік күнін ұйымдастырумен басталды. 28 қараша күні Астана қаласының коммуникациялар қызметі Facebook желісінің тікелей эфирінде елордалық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары эфирге шығып АИТВ мәселелері төңірегінде баяндама жасайды. Ал 29 қараша күні қаладағы ҚазҰӨУ «Шабыт» университетінде студенттер арасында ауқымды акция өтеді. 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында орталық мамандары халықтың көптеп жиналатын орындарында «Нұрлы жол» және Астана темір жол вокзалдарында, «Ханшатыр», «Керуен» сауда орталықтары мен «Артем» базарында, «Әлем» сауда үйінде АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы ақпараттық-білім беру материалдарын таратумен, психоәлеуметтік кеңес беру, тұрғындарға арналған «АИТВ-ға тесттен өт» акциясы шеңберінде экспресс-тестілеу ұйымдастырылады. Орталықта тіркелген, АИТВ-мен өмір сүретін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығы беріледі. Барлық іс-шара Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен, Білім басқармасымен, Қазақ ұлттық өнер университетімен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп өткізіледі. Онкүндіктің қортындысы 1 желтоқсанда өтеді.