Қазақстан мен Түркия ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Түркия ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
23 қарашада «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер және бауырлас қауымдастықтар жөніндегі басқармасы диаспора саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.
Меморандум аясында, қос тарап өз салалары бойынша ынтымақтастық қалыптастыру мақсатында диаспора мәселелеріне қатысты тәжірибе алмасуға, бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Сонымен қатар қазақ және түрік халқының ортақ құндылықтарын насихаттау үшін конференция, семинар, дөңгелек үстел мен мәдени іс-шаралар ұйымдастыру және мәдени-гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар, білім беру, БАҚ саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту туралы келісім болды.
Айта кетейік, қол қою рәсіміне «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы мен Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер және бауырлас қауымдастықтар жөніндегі басқармасының төрағасы Абдуллах Эрен қатысты.