Жаңалықтар

Болашағын Қазақстанмен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін білуге тиіс – Николай ПУТИЛИН

ашық дереккөзі

Болашағын Қазақстанмен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін білуге тиіс – Николай ПУТИЛИН

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті. Еліміз­де Үкімет қаулысымен тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасы бекітілген болатын. Бағдарламаның мақ­саты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толық­қан­ды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын гра­фи­калы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мә­де­ниетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды да­мытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында қазақ тілі бі­лім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізу тіліне айналып жатқанын айтты. Бүгінде мемлекеттік тілді бі­летін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі ар­тып келеді. Осы орайда қазақ тілін еркін меңгерген Ұлт­тық экономика министрінің коммуникациялар жө­ніндегі кеңесшісі Николай Путилинмен сұхбат­та­сып, мемлекеттік тілді білудің артықшылығы жайын­да сұраған едік. – Мемлекеттік тілді меңгеруге ортаңыз әсер ет­кен болар. Жалпы, қазақ тілін неше жа­сыңыз­­дан бастап үйрендіңіз? – Қазақ тілін мектепте оқып жүрген кезімде үй­рен­дім. Өзіңіз білесіз, Шымкентте үлкен болсын, кіші болсын, халықтың басым бөлігі қазақ тілінде сөй­лейді. Өзге тілде сөйлейтін адамды аз кездес­тіре­сің. Мен сол ортада өсіп, білімімді жетілдірдім. Осы орайда қазақ тілі пәнінен сабақ берген ұстаздарым­ның еңбегі зор екенін айта кетейін. Мектеп қа­быр­ғасында жүргенде мұғалімдер менің қабілетімді бай­қап, қалалық, облыстық олимпиадаларға дайын­дап, қатыстырды. Осылайша, ауызекі тілден бөлек, грам­матиканы меңгеріп, тіл байлығымды дамыттым. Қазір «орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ бере­тін мұғалімдердің білімі төмен» деген сияқты сын айтылып жатады. Мұндай пікірмен келіспес едім. Өйт­кені өзім осы жолдан өттім. Қазақ тілін мең­геру­де мұғалімдерімнің көп көмегі тиді. – Қазақ тілі күрделі екенін айтып, үйрену ба­­ры­сында қиналатындар бар. Бұған не айтар едіңіз? – Негізі, бәрі отбасынан, ата-ана тәрбиесінен бас­­талады ғой. Ал ата-ана қазақша білмесе, ол түсі­нік­­ті нәрсе. Кейбір ата-аналар баласын неге қазақ сы­ныбына бермейді? Менің ойымша, сабағын оқыта ал­маған соң солай істейді. Баланы қазақ мектебіне беру керек. Жалпы, тіл үйрену тыңдаудан басталады. Қа­зақша сөз, әңгіме күн сайын құлағыңда жүрсе, тіл­ді үйрену оңай. Үлкен, орта жастағы кісілердің «қа­зақ тілі қиын» деген сөзін естіп жатамыз. Олар тың­дау кезеңінен өтпей, бірден грамматиканы, кітап­ты оқуға тырысады. Бұлай, әрине қиналады. Қа­зақ­ша үйрену үшін ең бірінші қазақша сөйлей­тін­дердің әңгімесін тыңдау қажет. Ата-анам – орыс, қазақша сөйлемейді. Өзім орыс мек­тебінде аралас сыныпта оқыдым. Осы орайда «Ни­колай, сенің қазақ тіліндегі біліміңді жетілдіріп, сауа­тыңды ашайық. Олимпиадаға апарайық», – деп, алға жетелеген ұстаздарыма рақмет. Өзіме қызық бол­ды. Бір жағы қажеттілік болған шығар, айна­лаң­мен араласайын, сөйлесейін десең, қиналасың. Мек­теп­те, көшеде, сауда орындарында, жалпы айна­лаң­ның бәрі қазақша сөйлейді. Қазақ тілін жақсы біл­сем, болашағым да жақсы болады деп ойладым. Елі­­міздің бүкіл өңірінде осындай қажеттілік туғызу ке­рек деп есептеймін. – Мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүр­сіз. Сіздіңше, жауапты қызметте жүріп, мемлекеттік тілді меңгерудің қандай артық­шы­лығы бар? – Мемлекеттік тілді білмесем, қазіргі деңгейге, дәре­­жеге жетпес едім. Арманым тілші болып, ел ішін­дегі мәселені жеткізу еді. Жергілікті «Отырар» те­леар­насына жұмысқа орналастым. Тілшінің қызметі ха­­лықпен тікелей байланысты. Мемлекеттік тілді біл­месең, бұл жұмысыңа кедергі келтіреді, тіпті жұ­мыс істей алмайсың. Өйткені халық сені түсінбейді. Сұх­батта, сюжетте ойыңды дұрыс жеткізе алмайсың. Телеарнада екі жыл қызмет еткен соң әкімшіліктен ұсы­ныс түсіп, сол жақта жұмыс істедім. Одан кейін 2018 жылы «Хабар 24» арнасына қызметке шақыры­лып, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші болдым. Кейін Түркістан облысына, сосын директор­дың шақыруымен Астана қаласына келдім. Бас қалаға келген соң ортаның әсерімен қазақ тілім сәл нашарлады. Өйткені мұнда қазақша сөйлейтін адам аз болды. Тілді қанша білсең де, практика бол­ма­са қиын. Қазақтілді редакцияның қыз-жігіттерімен көп араластым. Әйтпесе, тілді ұмытып қалар ма едім. Бір жылдай телеарнада жұмыс істеген соң, KAZAKH INVEST ұлттық компаниясынан шақырту алдым. Оларға екітілді маман керек болды. Сөйтіп, компанияның баспасөз хатшы­сы болып еңбек еттім. Қазақ тілін білуімнің артық­шы­лығы осы кезде анық байқалды. Мектеп кезінде ұстаз­дарым үйреткен жалғау, жұрнақтың бәрін еске тү­сір­дім ғой. Ол жерде үш жылдай жұмыс істедім. Баспасөз мәслихаттарын, басқа да іс-шараларды жүр­гіздім. Биыл сәуір айынан бастап Ұлттық эко­но­мика министрлігінде жұмыс істеймін. Мұнда да бас­­пасөз қызметінің жұмысын екі тілде жүргізіп жа­тыр­мын. Бізде екі тілді білетін маман аз. Қазір ағыл­шын тілінде қысқа мәтіндер жазып жүрмін. Енді түрік тілін үйренсем деймін. Қазақ тіліне жақын бол­ған­нан кейін түрік бауырларымыздың сөзін тү­сінемін. Қызметте ғана емес, күнделікті өмірде де мем­ле­кеттік тілді меңгерудің артықшылығы көп. Кез кел­ген жерде: көшеде, таксиде, біреуден бірнәрсе сұра­ғанда, жалпы бүкіл аспектіде көмектеседі. Қазақ тілінің мәртебесі жоғары. Өзінің, ұрпа­ғы­ның болашағын Қазақстанмен байланыс­тыра­тын адам міндетті түрде қазақ тілін білуге тиіс. Мемлекеттік қызметте істейтін адамдардың бәрі мем­лекеттік тілді толық меңгеруі қажет. Онсыз бол­майды. Мемлекеттік тілді білмеген қызметкер ха­лық­тың мұң-мұқтажын, ішкі сырын, жанайқайын тү­сіне алмайды. – Тілді меңгеруде отбасы тәрбиесінің рөлі зор екенін айттыңыз. Өзіңіз балаңызды қандай мек­тепке берер едіңіз? – Балам қазір екі жарым жаста. Үйде онымен қа­зақ­ша сөйлесемін. Баламның болашағын Қазақ­стан­мен байланыстырамын. Сондықтан әрине, қазақ мек­тебіне беремін. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ