Парламент шетелдік көліктерді тіркеу туралы заң қабылдады

Парламент шетелдік көліктерді тіркеу туралы заң қабылдады

Парламент шетелдік көліктерді тіркеу туралы заң қабылдады
ашық дереккөзі
Парламент 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бастапқы тіркеу ретінде төлем құнын белгілеуді көздейтін салық кодексіне түзетулер енгізді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Енді Қазақстанда шетелдік көлікті бастапқы есепке 200 мың теңгеге қоюға болады. Жалғыз шарт – көлік 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінуі керек. Сенат заң қабылдады, ол Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілген.
«2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркеу үшін бірыңғай төлем құнын белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ жергілікті бюджетті көлікке салынатын салықпен толықтырады», - деді депутат Ғұмар Дүйсембаев.
Сенатордың айтуынша, өзгерістер салық төлеушілерге, мемлекет мүддесіне, сондай-ақ ел экономикасына оң әсер етеді.