Жаңалықтар

«300 млн доллар берсе де оралмаймын» – Джонни Депп

ашық дереккөзі

«300 млн доллар берсе де оралмаймын» – Джонни Депп

The Sun басылымы бұған дейін 59 жастағы актер Депп «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінің жаңа бөліміне түсіп жатыр деген болатын. Алайда актермен бірге жұмыс істейтін топтың бірі The New York Post басылымына Депптің ол фильмге қайта оралмайтынын айтқан. Айта кету керек, Джонни Депп «Кариб теңізінің қарақшылары» фильміне қайта оралуы туралы сұраққа жауап берген. Онда ол «гонорарға 300 млн доллар берсе де капитан Джек Воробейдің рөлін сомдамаймын», деген болатын.