Испания әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты

Испания әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты

Испания әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Испания құрамасы рекорд орнатты деп хабарлады turkystan.kz. Коста-Риканы 7:0 есебімен ойсырата жеңген Испания допты ұстау жөнінен әлем чемпионаттарының рекордын жасады. Луис Энрикенің шәкірттері аталмыш ойында допқа 81,7 пайыз иелік етті. Бұған дейін дүниежүзілік доданың рекорды Аргентинаға тиесілі еді. Аргентиналықтар 2010 жылғы біріншілікте Грекиямен матчта ойын уақытының 80,3 пайыз бөлігінде допты өз иелігінде ұстаған болатын. Үшінші көрсеткіш те испаниялықтардың үлесінде. Олар 2018 жылы Ресеймен бәсекеде 78,9 пайыз допты бағындырған еді.