Командасы мәлімдеме жасады: Ербосынұлының қазіргі жағдайы қалай?

Командасы мәлімдеме жасады: Ербосынұлының қазіргі жағдайы қалай?

Командасы мәлімдеме жасады: Ербосынұлының қазіргі жағдайы қалай?
ашық дереккөзі
Suleimen Promotions командасы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz.
«АҚШ-тағы өкіліміздің сөзінше, боксшымыздың денсаулығы айтарлықтай жақсарды, соның ішінде физикалық жағдайы – Айдос өздігімен аяғын басып, жүре алады. Сондай-ақ ақыл-есі жақсы. Онымен қоса, Айдос дәрігерлердің сұрағын түсініп, оларға оп-оңай жауап беріп жатыр. Мамандар мәліметіне сәйкес, ол тез сауығып келеді. Өкіліміздің айтуынша, таяу уақытта боксшымыз ауруханадан шығарылып, отанына оралуы ықтимал. Сондай-ақ АҚШ-қа Айдостың жұбайы келді. Қазір ол боксшының жанында. Әрине, ол үшін бұл үлкен қолдау», - деді Suleimen Promotions компаниясы өкілдері.
Айта кетейік, қараша айының басында қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Айқастан кейін Ербосынұлы шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған «миына қан кету» диагнозы қойылды. Бұдан әрі ол жасанды түрде комаға жіберіліп, ота жасалды.