Екібастұзда жеке үйдің шатырынан өрт шықты

Екібастұзда жеке үйдің шатырынан өрт шықты

Екібастұзда жеке үйдің шатырынан өрт шықты
ашық дереккөзі
Қызыл жалын шатырдың 50 шаршы метрін шарпыған деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгін 112 пультіне кешкі сағат 19:06-да Екібастұз қаласы, Нұралин көшесіндегі 147 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 2 бірлік техника мен өртке қарсы қызметтің 9 қызметкері жөнелтілді. Белгілі болғандай екі пәтерлі тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққан, - дейді МӨСШ-2 бастықтың орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Сағыдат Вахитов.  
Өрт үйдің ағаш құрылымдарының 30 шаршы метрін және шатырдың 50 шаршы метрін шарпыған. Тілсіз жау сағат 20:06-да ауыздықталып, 20:33-те толықтай жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.