Жаңалықтар

Екібастұзда жеке үйдің шатырынан өрт шықты

ашық дереккөзі

Екібастұзда жеке үйдің шатырынан өрт шықты

Қызыл жалын шатырдың 50 шаршы метрін шарпыған деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. - Бүгін 112 пультіне кешкі сағат 19:06-да Екібастұз қаласы, Нұралин көшесіндегі 147 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 2 бірлік техника мен өртке қарсы қызметтің 9 қызметкері жөнелтілді. Белгілі болғандай екі пәтерлі тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққан, - дейді МӨСШ-2 бастықтың орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Сағыдат Вахитов.   Өрт үйдің ағаш құрылымдарының 30 шаршы метрін және шатырдың 50 шаршы метрін шарпыған. Тілсіз жау сағат 20:06-да ауыздықталып, 20:33-те толықтай жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.