Астанада полиция көліктері сатылып жатыр (ВИДЕО)

Астанада полиция көліктері сатылып жатыр (ВИДЕО)

Астанада полиция көліктері сатылып жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде 2005-2015 жылдары шығарылған полиция машиналары сатылатыны туралы оннан астам хабарландыру пайда болды деп хабарлады astanatv.kz-ке сілтеме жасап. Тіпті жол талғамайтын көлік пен бизнес-классы да бар. Сатылымдағы көліктер Астананың Сарыарқа ауданында орналасқандығы көрсетілген. Ол мекенжайға біз де бардық. Көліктер тұр. Бірақ жауап беретін адам таппадық. Атырау облысында да мұндай хабарландыру жетерлік. Жарнаманы ұсынып отырған әкімдік.
«Бұл құзырлы мекеменің жекешелендіру тапсырысы», - дейді олар.
Ал қалалық Полиция департаменті көліктердің не себепті сатылымға шыққаны туралы айтпай отыр.
- Атырау облысы Полиция департаментіндегі теңгеріміндегі 64 бірлік құралын сауда-саттыққа шығару жұмыстарын жүргізілуде. Сауда-саттық аукцион екі әдіспен өткізіледі, бағаны көтеру және бағаны төмендету. Бірінші саттықты өткізу қараша айына жоспарланған, - дейді Атырау облыстық қаржы басқармасының бас маманы Айнұр Шомирова.