Испания құрамасы Коста-Риканы тас-талқан етіп жеңді

Испания құрамасы Коста-Риканы тас-талқан етіп жеңді

Испания құрамасы Коста-Риканы тас-талқан етіп жеңді
ашық дереккөзі
Футболдан Испания құрамасы Катардағы әлем чемпионатын ірі жеңіспен бастады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. «Әл-Тумама» стадионында испаниялықтар Коста-Рика құрамасымен кездесті. Үзіліске дейін испан футболшылары үш гол соғып тастады. 11-минутта Дани Ольма көзге түсті. Тағы он минуттан соң Марко Асенсио қанжығасын майлады. 31-минутта Ферран Торрес пенальтиден гол соқты. 2010 жылғы әлем чемпионы екінші таймда да қарқынын бәсеңдетпеді. 54-минутта Торрес дубль авторы атанды. Ал 74-минутта Гави испаниялықтардың бесінші голын соқты. Еуропалық құрама мұнымен де тоқтап қалмады, Карлос Солер еншісіне бір гол жазды. Ал матч нүктесін Альваро Мората қойды. Есеп - 7:0. Осылайша, Испания құрамасы ірі жеңіске қол жеткізіп, үш ұпаймен Е тобында көш бастады. Үш ұпайы бар Жапония азырақ гол соққаны үшін екінші орында тұр. Германия үшінші, Коста-Рика төртінші орында келеді. Енді Испания келесі кездесуін 27 қарашада Германияға қарсы өткізеді. Ал Коста-Рика сол күні Жапониямен күш сынасады.